@orkeni Orken KENZHEBEK Instagram photos and videos | inst24
@orkeni Orken KENZHEBEK Instagram photos and videos | inst24

Orken KENZHEBEK (@orkeni)

Журналист.Медиалектор.Путешественник. Руководитель Службы спецпроектов Агентства "Хабар" Photo: LG Q6, Samsung S9 Plus Telegram канал -

Posts: 3 059 Followers: 55 678 Following: 800

Orken KENZHEBEK (@orkeni)

Фотоға тақырып қой да, 1551 теңгенің бірлігіне таласып қал.. деген жалпыгалактикалық байқау бастадым десең, ә? Марсияндар да қатысса болады, проблем жоқ. Алла қаласа, @argymaq брендінің атынан жақсы бір байқауды 27-сі күні бастаймын. Оған дейін мынаны азық қыла тұрсаңыздар) Бұл - нағашым. Маған мектепке бармай тұрып, ағылшын қарпін үйреткен, құлқуаллаға тілімді сындырған, шпагатқа сіңірімді созған, "қойдың құйрығында салпаңдап қаласың" деп тоғызыншы сыныптан соң Таразға "қуып" жіберген, өзі ауылдағы қарашаңыраққа ие болып қалған @myngzhanmoldabek ағам осы. Бүгін Астана Астана болғалы алғаш келіп, ЭКСПО-ның нәзік жанды құлтемірлерімен танысып тұрған сәті еді. Ал енді осы фотоға ат қойыңыздар да, бие мініп кетіңіздер) Ең мықты коммент ертең 12.00-де сторисіме шығады және 1551 теңгеге байып қалады.

47

Orken KENZHEBEK (@orkeni)

🌐 Уәде еткендей, бүгін Остенде қаласы жайлы ой тастайын. Негізі, бұнда жазатын көп ештеңе жоқ. Брюггедей әр тасы тарихтың соусына маринадталмаған. Бір ұтар тұсы - Солтүстік теңіздің аяғын сүйіп жатыр. Сосын әлемге әйгілі курорт. Мектепте оқыған «Ревизор» мен «Өлі жандардың» авторы Гоголь осында емделген. Бельгияның Леопольд деген патшасы ерекше жақсы көргені соншалық, Остендені астана қылсақ деген ойы болыпты. Астана болмағаны да дұрыс болған-ау, немістер соғыс кезінде быт-шыт қылып бомбылаған. Сондықтан, ғимараттары кәдімгі сіз бен біздің көзіміз тойған шыны-бетон 🏖 °°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°° 💩 Одан да Бельгияның қызықтарын айтайын. Мұнда сайлаушылардың тізіміне сіздің атыңызды енгізді ме, болды, бару міндетті. Ерікті емес, міндетті деймін! Кәне, қай жақта демократия көбірек?) Айлықтары өте жоғары. Бірақ, салық та тым көп. 45 пайызына дейін қайтадан салықпен қазынаға қайтарып береді. Әлемде біржынысты некеге рұқсат берген екінші ел. Біріншісі – қасындағы Нидерланды. Санмен сөйлесем, бельгиялықтардың 97 пайызы қалада тұрады, оның 93 пайызы не мысық, не күшік ұстайды, оның 92 пайызы үйден тамақ даярламайды 👴 °°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°° 🤹‍♀️ Қызық болғанда, үйлеріне перде ұстамайды. Бірінші қабатта тұрса да.. Сол үшін де өзгенің өмірін шымылдықсыз көретін «Дом - 2» секілді реалити-шоулардың алғашқы үлгісі осы елдерден шықты дейтін жартылай шын теория бар. Әр ересек адам 3 грамм анашаға дейін алып жүрсе, қылмыс емес. Сыраны өте көп ішеді. Тіпті, өткен ғасырдың 70-ші жылдарына дейін мектеп асханасында оқушыларға сыра беретін болған. Кейін ғана газировкамен алмастырыпты. Қазір сол оқушыларға сыра қоюды кейбір қоғамдық ұйымдары қайтадан бастама қылып көтеріп жатыр. 🥌 Осындай бір жақсы, екі жаманы бар ел бұл) Келесі жолы Бельгияның Антверпен деген қаласын суреттеймін, бұйырса. Фотоға басқан - @yakovfedorov #ostende #belgium #europe #architecture #webstagram #topclub #mobilephoto #instagood #instadaily #instagramhub #picogtheday #photooftheday #bestoftheday #nature #жиһанкезблоггерлер #Өркенсаяхат

15

Orken KENZHEBEK (@orkeni)

🌐 Брюгге – 2. Басы алдыңғы жазбада. Бұл әдеміліктің бәрі қайдан келді десеңіз, қала 14-ші ғасырда сұмдық байыған. Енді Солтүстік Еуропадағы теңіз саудасының орталығы болса, ол байымай, Қаратау байысын ба? Кейін су айлақтары қайраңдап, кемелер жете алмай қалып, деңгейінен біраз түсіп қалады. Дегенмен, мен және Сіздер көретін зәулім шіркеулері мен ғажап ғимараттарын салып үлгереді ше. Қалғаны былайғы оқырманға қызық емес шығар. Қазір енді қаланы өлтірмейтін анау-мынау тірлігі бар – алмас өндейді, зығырдан мата тігеді, кеме жасайды дегендей. Бұндай әсем қалада пәуескеге мініп, қайығына отырып, шоколадын жеп, қайтарда кружева дейді, әйгілі кестесін алып кету керек. 🎠 Бұның бәрін неге жазып отырмын осы? Одан да «Залечь на дно в Брюгге» фильмін көруге кеңес беремін. Қаланың атмосферасын дәл берген. Сондықтан, рекомендеймін! Мен оны өкінішке қарай, Брюггеге барып келген соң ғана көрдім( Мен секілді болмаңыздар) ♨️ Ертең бұйырса, Бельгияда барған екінші қаламыз – Остенде және бельгиялықтардың нашар мінезі жайлы жазамын. #bruges #belgium #europe #architecture #webstagram #topclub #mobilephoto #instagood #instadaily #instagramhub #picogtheday #photooftheday #bestoftheday #nature #жиһанкезблоггерлер #Өркенсаяхат

25

Orken KENZHEBEK (@orkeni)

🌐 Сонымен, Брюгге. Еуропада болсаңыз, Бельгияға, онда да Брюггеге бас сұқпай кетсеңіз, турист кодексіне сай сіздің жон арқаңызға жүз дүре соғылады) Бұл сұлулығы сілекейіңді ағызатындай шіли әдемі, қыздың жасауындай жинақы, өзбектің таңғы бестегі ауласындай тап-таза, сонысымен де іш кептіретін қала. Иә, айналаңның тым әдемі болғандығы себепті, ішің пысып, Астананың басыңа келіп қадалатын керамограниты не өртенуге бейім алюкобондын іздейді екенсің) °°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°° Аталмыш сұлулықтың бір себебі - Брюггеде үш канал тоғысады да, қаланың ішіне 54 көпір өрмек салған. Сондықтан, Уикипедия қарамай, қисынға салсақ та, Брюгге деген «көпір» деген сөзден, ал қаланы «Солтүстіктің Венециясы» деп еркелететіні бәріне әмбе. Ыпторой себебі, қала 13-15 ғасырларда қалай дамыды, қалай Өркендеудің шегіне жетті – солай сағаттың тілін сындырып, уақытты тоқтатып қойған секілді. Дым өзгермеген. Бір мың да алты жүз пәленшесінші жылы салынған үйлер мұнда екі үйдің екеуі. Мұнда бүгін ашылған Инстаграм ТВ-ның үкімі жүрмейді, хайтек әлі келмеген, KFC мен IMAX деген кездейсоқ әріптердің жиынтығы ғана... °°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°° Оңға қарай сырғытсаңыз, тағы жеті фото шығады. ЖАЛҒАСЫ КЕЛЕСІ ПОСТТА. #bruges #belgium #europe #architecture #webstagram #topclub #mobilephoto #instagood #instadaily #instagramhub #picogtheday #photooftheday #bestoftheday #nature #жиһанкезблоггерлер #Өркенсаяхат

43

Orken KENZHEBEK (@orkeni)

🌍 Бұл жолы Бельгия. Жолжазбалар легін жалғастырайыншы. Әйтпесе, ала доп туралы жазатын сауатым аз) 🏚°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°🏚 Люксембургтен автобуспен таңғы алтыда топ еткеніміз сол, Брюссельде «Хабар 24» арнасының тілшілері болып қызмет жасайтын Жомарт аға, Жанат әпкеміз күтіп алып, бізге қызмет қылды. Содан кешкі алтыдағы автобусымызға дейін Бельгияның төрт қаласымен танысып үлгердік. Мүмкін емес дерсіз.. Жоқ, бұның әбден мүмкін екенін қазір түсінесіз) Қазақстанда жер жетпей қалған жалғыз облыс – Солтүстік Қазақстан десек, сол облыстың өзіне Бельгияның үшеуі емін-еркін сыйып кетер еді. Ар жағында тағы 2000 шаршы шақырымы артылып қалады. Енді осы құйтақандай жерде, қараңыз – жолдар торабы өте тығыз. Және түгел жарықтандырылған. Сондықтан, түнде ғарыштан қарасаңыз, Бельгияның көлемі бір уыс болса да, самаладай (осы не сөз болды екен?) жарық боп тұрады дейді. Бұл фактімен әр бельгиялық мақтанады тағы – «түні бойы жарық жағып қоюға шамамыз келеді, пхахаха» деп. 🏚°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°🏚 Елде патшасы вальс, тойыс жай ғана билейді. Билейді, бірақ, төстемейді. 11 миллион халқы бар. Оның Нидерланды тұсындағы Фландриясы нидерланды тілінде, Францияға жақын тұсы француз, ал неміске жақыны неміс тілінде сөйлейді. Бір-бірімен бастары пісе бермейді, бұларды біріктіретін бір ғана нәрсе – көршілес голландықтарды қажатуға келгенде араздықтарын ұмытып кетеді) Осы үш тілдің бірін білсеңіз, жұмысқа ала береді. Бірақ, қайбір жылы екі пойыз соғысып қалып, қырғын адам өлген. Сондағы себеп, екі машинистің екі түрлі тілде сөйлеп, бірін-бірі түсінбеуінен болған-ды. Қысқасы, тіл мәселесі тек Қазақстанда ғана емес.. _____________________________________________________ Келесі постымда біз барған алғашқы қала – Брюгге жайлы жазамын. #belgium #europe #architecture #webstagram #topclub #mobilephoto #instagood #instadaily #instagramhub #picogtheday #photooftheday #bestoftheday #nature #жиһанкезблоггерлер #Өркенсаяхат

94

Orken KENZHEBEK (@orkeni)

Бүгін - соңғы күн. Сағындырып жетіп алып, мауқымызды баспай жатып, сау бол дегелі тұр.. 🕷 Өзі адамның басындағы проблемасы жасымен бірге ұлғаяды деген @bekbolat.tleukhan ағамыздың тұжырымы бар. Мысалы, майдапашақ кезінде көршіңнің кәнденінен асқан мәселе болмайды, одан сәл өссең, екі класс жоғары оқитын Еркоштың жұдырығынан қиын проблем жоқ, ә? Ал есейгенде, иманыңның заряды толықтау болса, тозақтан құтылсам деген уайымнан артығы табылмайды. По идее. 🕷 Ал бұл уайымды сейілтудің бір жолы - қасиетті Рамазанда ораза ұстап, сауап іздеу. По факту. Былтыр Астананың кейбір тәнін сататын қатындарының өзі жұмысынан отпуск алып, ораза ұстау үшін ауылына қайтыпты. Біз тағдыр бланкісіне сыртынан крест қойып қойған жандардың өзі өзін құтқаруға жан таласуда... Күлесіз-ау, ал Сіз ше? Мен ше, не істедім өзімді құтқаратын, өзімді сүйіншілейтін? 🕷 Негізі, Рамазан - үлкен жуыс. 11 ай бойы шешпеген көйлегіңді өзеннің тұщы суына алаботаның сабынымен жуып, көпіртіп, қойтасына сабалап, күніне кептірген секілді. 11 ай бойы кірлеген жүрегіңнің қағын түсіріп, ысын ысқылау. 11 ай бойы астан түгінің тесігі бітіп қалған асқазанды тазалап, майланған ішектеріңіздің көзін ашу еді... Бұл - большая стирка. _____________________________________________________ Ал сіз биыл Ораза ұстап па едіңіз? Не жудыңыз? Қалай өтті? Ұстамасаңыз, не кедергі болды?

858

Orken KENZHEBEK (@orkeni)

Оқырмандарым 🙄, бүгін сіздермен ойын 🐕 ойнасам ба деймін. Әә, иә, фотома алдымен лайк қойып бітіңіздер, болды ма? Жақсы, бұл ойынның атын "Шыңдық пен жалған" дейінші, өз өмірімнен 8 фактіні жазамын, соның біреуі - жалған 🕷 1. Менің тоғызыншы сыныпқа дейін атым - Жансерік болған. 2. Мені сүндеттеген сәтте ауылымызда жер сілкінген. 3. Бала кезде итбалық (құрбақаның баласы) қуырып жейтінбіз 4. Суда жақсы жүземін. 5. Алғашқы бизнесімнің бірі ретінде қыздарға өлең шығарып, хат жазып беретін махаббат агенттігін құрғанмын. 6. Мектеп шағында екі дәптер өлең шығарғанмын. Олардың біреуі - вампирлерге арналған еді. 7. Әртүрлі материалдарды (сүйек, пластмасса, шыны) химиялық формуласы бойынша жинайтынмын. 8. Оппозициялық көзқараста.. болғам. Қайталап айтамын, осылардың ішінде біреуі-ақ - жалған 🕷 Қалғанының бәрі - шын, оллаһи биллаһи. Кім бірінші болып жалған фактіні тапты, соны ертең 12.00-де сторисіме саламын. Және кім болса да, шотына 1306 теңге (ертеңгі күн / ай) жіберемін) 😎 Ал, кеттік! ☝️

45

Orken KENZHEBEK (@orkeni)

Медиамаман деген міндет мойнымда жүргендіктен, анда-мында шақырмай тұрмайды. Өткен аптада өзім үшін өте қызық аудиториямен танысып қайттым. Верный Капитал тобының барша пиаршыларының алдына шығуға тура келді. Бұл кемі төрт миллиард доллардың байлығын игеріп отырған ең ірі қаржылық компанияның бірі. Қазақстан мен Қырғызстандағы Beeline да, 31 арна да, Мәскеу, Венадағы Ритц-Карлтон қонақүйлері де, Астанадағы Talan Towers бизнес-орталығы да, Бурабайдағы Rixos та, оны қойшы, сіз жейтін Бургер Кинг те осыларға қарасты. °°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°Енді осыншама ен байлыққа ие компания енді ғана қазақ контентіне мән беріп жатыр екен. Оның өзінде Оғыз Доғанның әрекеті біраз ой салыпты, өздері соған рахмет деп қояды, әнәң қара) Содан қазақ деген тылсым әлемнен тіл алу мақсатында мені сөйлетіп қойған. Біздегі бас көтерер сайттарды 13 категорияға бөліп таныстырдым – бірін білмеді. Коммерциялық қарым-қатынасқа тартып, жарнама бойынша келісуге тұратын 23 блогерді таныстырдым – бірін танымады. Өздерінен де бар. Орыстілді. Түйенің танығаны – жаңтақ. Бізден де бар. Ұлт, діл, ар деген тақырыпты езіп алып, сарысуын ішуден шаршамаймыз. «Продающий» мәтін жазатын, ең болмаса соған ұқсайтын жазба салуға тырысып жүрген қазақы блоггер жоқтың қасы. Тапсырыспен келген сушиді мақтау бұған жатпайды. Бұндай кезде кімге ренжисің? °°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°Қазақ аудиториясы кім дейді... Ол да сіздер сияқты, бірақ сәл айлығы төмен қауым дедім. Қазақты тану үшін ең болмаса, неге алманы «алма» деген етістікпен айтатынын, айтыста апалардың әжетханаға бармай алты сағат отыратынын зерттеңіздер деп айтып-айтып тастадым. Найзадай кірпіктерін төмен салып, отырып қалды) Түйін: Бізге жайлап болсын, көңілді аударып жатыр. Тек соған өзіміз де сәл дайын болу керек-ау.

33

Orken KENZHEBEK (@orkeni)

🎪 ҰЙЫТҚЫ Бұл менің, сенің, оның... жалпы біздің арман еді. Өзімді алайыншы, мұнда Таразымды тастап, тұрып жатқаныма тоғыз жылдың жүзі болыпты. Әне, Жандос Бақанасын, Әділбек Оралын, Азамат Ақтауын қиып келді.. Бәрін алды-артына қаратпай, айдап келген – бір арман. «Осында келіп, өзімді дәлелдеймін!» деген оймен өзін қамшылаған 918 мың адам орнығыпты осы жылдары. Бұған дейін бұйығы жатқан 290 мың тұрғындық қаланың өмірін түбегейлі өзгерді. Одан арғысы көз алдарыңызда. °°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°° Қалың жұрт қонған соң, бала босану үш есеге артты. Басқа елге барса Бәйтеректі көзімен іздейтін, көрмесе, сағынатын ұрпақ өсті. Адам басы көбейген соң, ол тұрар пананың да көлемі артты. Кемі Монакодай тоғыз мемлекеттің көлеміне тең баспана салынды. Монаконың жер көлемін білсеңіз, тоғызға бөле салыңыз) Медицина бар мүмкіндігін салған соң астаналықтардың орташа өмір жасына тағы он жыл қосылды, қауіпсіздік қолға алынған соң өлім-жітім екі есеге азайды дегендей. Осындай себеп-салдар тізбегін өзіңіз жалғастыра берсеңіз болады. °°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°° Бастысы, біз үйрендік – аязына да, аңызына да. "Итімнің аты жай ғана, "Ит" деуші ме еді бір кейіпкер, сол сияқты "Астанамыз Астанада" деген тавтологияға да үйрендік. Былай қарасаң, Сеул де "астана", Бейжің - "солтүстік астана", Токио - "шығыс астана". Аңыз дегенде, Астанаға алғаш келгендер онда "төбесінен қарағанда "СССР" деген жазу болатын бесқабатты үйлер бар" деп жүрді. Уақыт көрсеткендей – өтірік боп шықты. Ал одан да басқа қала аңызын сұрайтындарды масондық белгілермен зәресін ұшырдық. Пирамида анау, Бәйтерек жарқыраған Дельтаға, «Самұрық Қазынаның» қос мұнарасы Яхин мен Боаз колонналарына келеді деген дәлелді-дәлелсіз сөз де бізге енді сенсация емес. Әлемдегі ең үлкен шатыр, мұхиттан ең алыс океанариум деген теңеулерге де құлағымыз үйренді. °°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°° Сонда Астананың басты жетістігі неде? ТҮЙІНІ АСТЫНДА #20ГранейАстаны

122

Orken KENZHEBEK (@orkeni)

Қазақстанды көктей аралап, ауыл-қаласын тегіс білуге тырысып жүргеннің бірімін. Бірақ, ешқайсысы Маңғыстаудағыдай күтпейді де, шығарып салмайды да.. Тәулік толмайтын сапарымда "ауызашарды менімен ашыңызшы" деген оншақты ұсыныс болды, ақыры "қатты мазалағандарымен" дәм бұйырды. Бір оқырманым Бейнеудің шұбатын беріп әлек, екіншісі тәспісін сыйлап бәйек. Осы құрмет үшін облыс әкімінің баспасөз хатшысы @samat_suley бауырымды ренжітіп, ішкі саясаттың бастығы @kurmanbek_zhumagali досыма ызбандамай, замәкім @maksat.skakov ағама ескертпей кеттім) Маңғыстау осындай. Аузын ашса, жүрегі көрініп тұрады. Құшағына салып, қысып тастай салады. Алла разы болсын баршаңызға! Айтпақшы, бүгін Каспий жағасында трәдишнл түйелер емес, тұзды су жалап тұрған үйір жылқы кездескен. Ақтау үшін бұл да өте сирек көрініс дейді) Кәне, Маңғышлақ - Мыңқыстақ, Ақтаудан кім бар, таныса отырайық? #aktau #mangystau #kazakhstan #horses #instakz #photooftheday

Orken KENZHEBEK (@orkeni)

Бүгін маған жиі қойылатын сұрақтың біріне жауап берейінші. "Сіз әлемді қай ақшаңызға саяхаттайсыз? Әкеңіз бай шығар, ә?". Ничего подобного. 🏝 Әкем орта дәулетті адам, бірақ соның өзінде Арабияға барып, ұмра қажылығын өтеуіме демеуші болған. Бірақ, бұл бір рет қана) Журналист ретінде, @khabartv арқылы Ауғанстан, Чернобыль, Ошты, @asylarna арқылы Швейцария, Италияны көргенім бар. Басқалай баруым қиын еді.. Малайзия елшілігі шақырып, Куала Лумпурды көрдім, АҚШ елшілігі өз еліне алып барды дегендей. Air Astana Испанияны, @lg_electronics_kz Санкт-Петерборды, ЭКСПО Анталияны көрсетті, мысалы. 🏖 Осылай кете береді. Бірақ, көбіне өз ақшамды қиып саяхаттаймын. Кәдімгі айлықтан жырымдап, қаламақыдан қалғанды құрап.. Әрине, @airastana_kazakhstan не @scat.airlines-пен достығымызды асыра пайдаланып, тегін билет алуға тырысамыз. Айтайын дегенім, саяхатқа спонсор табу да оңай емес. °°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°° P.S. Алла қаласа, через месяц я беру отпуск. Поездка в Японию откладывается на осень, поэтому открыт на любое предложение турфирм, которые подписаны на меня в плане сотрудничества. А фото неподражаемого @yelikbayev, для обращения внимания @kaztour, @eltour.kz и @flydubai_kz)

38

Orken KENZHEBEK (@orkeni)

КЕЗДЕЙСОҚ АСТАНА - 2 АЛДЫҢҒЫ ПОСТТЫ ОҚЫМАЙ, БҰҒАН ЛАЙК БАСУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ) Сериоз айтсам, Астана, бұл алдымен кеш те болсын, орындалған арман. Алдыңғы буынның арзу тілегі, ақ адал дұғасы-ау. Қараңыз, «Қазақты автономия қылсақ, Қараөткел – Алаштың ортасы, сонда университет салып, қазақтың ұл-қызын оқытсақ... қазақтың кім екенін Еуропа сонда білер еді-ау" деген сөзі бар ма, Әлиханның, бар. Сәкен Сейфуллин де осылай ойлаған ба, ойлаған. Бұл шамасы, Орынбордан кейін астана қайда орнаса деген дау кезіндегі әңгімелер. Одан әріде ақырғы ханымыз Кененің Ақмола бекінісін басқыншыдан азат қылғанын білетініңізге шүбәм жоқ. Сонда маңдай терін сүртіп тұрып, ер Кене де бір дұғасына қосқан шығар бұл қонысты. Сол Қараөткел, сол Ақмола - бүгінгі Астана. Университеті салынып, ұл-қызы оқып, Астана атанып, шартарап танып.. жоғарыдағы азаматтардың одан да жоғарыдан тілегені артығымен орындалды. Бұл кездейсоқтық па? Жоқ! Бұған не себеп дегенде бір тәмсіл келеді ойыма. Мұса пайғамбар мен Қызыр елшінің жолығатын хикаясы есіңізде шығар? Ұзақ сапардың қысқасында айдалада қирағалы тұрған үйді екеулеп жөндейді емес пе? Мұның мәнісі қалай дегенде, Қызыр былай депті: «Құлағалы тұрған үй - осы қаладағы қос жетiмнің баспанасы. Үйдiң астында оларға тиесiлi қазына жатыр. Үй құласа, қазынасы көрiнiп қалып, басқалар алып кетуi мүмкiн. Ал балалардың ата-анасы жақсы адамдар едi. Балалар өскенде Құдай қазыналарын өздерi тауып алуын бұйырды». Қараңызшы, ата-аналары жақсы болғаны үшін жетімдердің үй ремонтын аяулыларға жасатып қойды. Біздің Елбасының тап басып Астанаға көшейік дегені де, оның 32 параметрге сай келе қалуы да ата-баба мұратына адалдықтың жібін үзбегендіктен болса керек. «Адалдықтың жібін үзбеу» деген былай әдемі сөз үшін ғой, әйтпесе, ойымды көрнектер басқа теңеу таппай тұрмын. Қаншама арыстың қолы талғанша тілегені, жасы суалғанша жылағанынан туған ниеттің амалы біздің заманда асыпты. Сондықтан және біріншіден, Астана – ата-бабаларымыздың көз алдымызда (!) орындалған арманы. Бұл кездейсоқтық па? ЖОҚ! #astana #astana20